"Құқықтық сауаттылық – заман талабы": Атырауда полицейлер студенттермен кездесті
"Құқықтық сауаттылық – заман талабы": Атырауда полицейлер студенттермен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстың өсуіне жол бермеу.
5 наурыз күні Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық кеңес беруге бағытталған "Құқықтық сауаттылық-заман талабы" атты студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға Атырау облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, Атырау қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі, тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері қатысып, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер, қазіргі уақытта қоғамдық орындарда олардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылық түрлеріне жеке тоқталып, оларға қатысты заңнамалық қатаң шаралар туралы ақпараттар берді.
Сондай ақ жасөспірімдерге ІІО-ға қызметке қабылдау үшін үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар, критерийлер және ҚР ІІМ ведомоствалық оқу орындарына қабылдау ережелері түсіндірілді. Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында полициядағы қызметтің артықшылықтары, негізгі міндеттері хабардар етілді.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары ІІО-ғы қызмет қазіргі қоғамдағы ең маңызды мамандықтарының бірі екенін айта отыра, студенттер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.