Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп”: Алматы облысының полициясы көлікті мас күйде басқарған 16 жүргізушіні ұстады

25-27 тамыз күндері полиция бөлімшелері облыс аумағында бір мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ең өрескел құқық бұзушылықтың бірі саналатын – мас күйде көлік құралын жүргізудің – 16, ал жол жүру жылдамдығын арттырудың – 97, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың – 143, жаяу жүргіншілерге жол басымдығын бермеудің – 18, жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауының – 116 дерегі тіркелді.

– Жол сақшыларының қызметіндегі басты міндет – жол қауіпсіздігі. Жол-көлік оқиғаларына талдау жүргізу барысында бөлімшелердің жол ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау және оған жол бермеу бойынша атқарған жұмыстарының нәтижесін көруге болады. Қазіргі уақытта жеке құрам күшейтілген қызмет атқару түріне көшірілгенін атап өткім келеді, – деді Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындау қажеттілігін тағы бір мәрте ескертеді, өйткені қауіпсіздік шаралар жүргізушілер мен олардың жолаушыларының өмірі мен денсаулығының кепілі екені анық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру