Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” іс-шарасы: Алматыда мыңға жуық құқық бұзушы жазаланды

Алматыда “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы барысында мыңға жуық құқық бұзушы жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Алматы полициясы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру бағытында жұмыстар атқаруда.

– Осыған байланысты, сондай-ақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қарашасы аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол вандализм деректерін, мүліктік залал келтіруді, ұсақ бұзақылықты, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Қала орталығында тәртіп сақшылары арнайы құрылған мобильді топтар мен жұртшылықты пайдалана отырып, саябақтарда, алаңдарда, қоғамдық орындарда мақсатты рейдтер жүргізді.

– Мәселен, Терренкур аллеясында қоғамдық аумақтардың ластануы анықталды. Бір жағдайда, орындыққа “жайлы” жайғасқан 19 жастағы бала шемішке шағып отырған . Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал Кеңсай зиратында ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабында қарастырылған, алкогольді ішімдіктерді ішу дерегінің жолы кесілді. Біз азаматтарды кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытып, қоршаған ортаға, бөтеннің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырамыз, – деді Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру