Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Құқықтық тәртіп" іс-шарасы: Павлодар облысында жүздеген құқық бұзушылық анықталды

Павлодар облысында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер 900-ден астам құқық бұзушылықтың жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық іс-шара барысында қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген азаматтардың 161 дерегі, ұсақ бұзақылықтың 26 фактісі және алкоголь өнімдерін сату бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың 16 дерегі анықталды.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 100-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек 72 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 10 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған, ал 7 жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған.

— Мәселен, Торговая көшесі, 2 мекенжайында патрульдеу кезінде Hyundai автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Тексеру барысында оның көлікті мас күйінде басқарғаны және сот шешімімен бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Өткізіліп жатқан іс-шаралар, ең алдымен, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолдардағы тәртіпті арттыруға және шетел азаматтарының еңбек қызметінің заңдылығын бақылауға бағытталған, — деді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру