Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы: Шымкентте әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 40-тан астам шетелдік анықталды

Шымкентте «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 40-тан астам шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар және ақпан айларында өткізілген «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлерімен заңсыз көші-қонның алдын алу, шетелдіктердің арасында төлқұжат тәртібін сақтау, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың ҚР-да болу, тұру және шығу ережелерінің орындалуына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Көші-қон заңнамасына сәйкес Еңбекші ауданында тексеру жұмыстарының нәтижесінде, 47 шетел азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды. Оның ішінде 17 шетел азаматы өздерімен бірге жеке басын растайтын құжаттары болмауына байланысты Шымкент ҚПД қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.

Жалпы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 41 жайт тіркелген. Сондай-ақ, шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша үш адам, шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тартудың екі жайты анықталды.

Айта кетейік, көші-қон қызметінің барлық сұрақтары бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 97-63-02, 97-63-13, 97-63-37, 97-63-33, 97-63-01, 97-63-07. Сондай-ақ, Шымкент ҚПД Көші-қон қызметі басқармасының shymkentmigraciya@gmail.com электрондық поштасына өтініштерді жіберуіңізге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру