Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы: Түркістан облысында полицейлер 109 қылмысты ашты

Түркістан облысында полицейлер «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында 109 қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара кезінде полицейлер 109 қылмысты ашып, 2 238 әкімшілік құқық бұзушылыққа хаттама толтырды.

Жекелей айтар болсақ, аталған іс-шара аясында есірткі қылмысының бес дерегі белгілі болса, іздеуде жүрген – төрт адам табылды.

Сонымен қатар, 1 715 қараусыз тұрған және жалдамалы үй-жайлар мен пәтерлер тексерілді.
Әкімшілік құқықбұзушылықтарға келер болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша екі, 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) – 798, 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 455, 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 834, 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 69, 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)  – 33 хаттама толтырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – криминогендік ахуалды, қоғамдық тәртіпті қадағалап, алдын алу және болдырмау, көшелерде, адам көп шоғырланатын орындарда тәртіпті қадағалау, қылмыскерлерді ұстау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағандарды анықтау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру