«Құқықтық тәртіп»: Павлодар облысында полиция күшімен 100-ге жуық қылмыс ашылды
Павлодар облысында полиция күшімен 100-ге жуық қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының аумағында 19 қаңтардан бастап ерекше өкімге дейін «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара басталғаннан бері полиция күшімен 100-ге жуық қылмыс ашылды. Осы күндері тыйым салынған заттарды, оқ-дәрілерді, атыс және суық қаруды заңсыз сақтағаны, алып жүргені үшін 25 адам ұсталды.
– Жалпы, 19 қаңтардан бастап 2 642 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде: ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, тіркеусіз немесе құжаттарсыз тұру фактілері. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасы барысында көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғандарын анықтап, жолын кесуде. Профилактикалық іс-шара барысында жолдардағы тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізген 32 жүргізушіні ұстады, – деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.
Өткен түнде сағат 01.50 шамасында Павлодар қаласында Астана көшесін патрульдеу кезінде Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары 22 жастағы павлодарлықтың басқаруымен Lexus автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Ер адамның медициналық тексеруден өткен қорытындысы алкогольдік масаңдықты көрсетті. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот қабылдайды. Автокөлік Павлодар қаласының айып тұрағына қойылды.
Сондай-ақ, профилактикалық іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері іздестірудегі адамдар бойынша, хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ басқа да қылмыстарды ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Нәтижесінде, іздеуде жүрген 5 адам ұсталды, олардың төртеуіне өткен жылдары іздеу жарияланса, біреуіне биыл жарияланған еді. Павлодар қалалық ПБ қабылдау-тарату орнына 19 адам қамауға алынды.