Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп”: Шымкентте 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте үш мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында 19 қаңтардан бастап “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде.

Тәртіп сақшылары 15 күндік нәтижесімен 3025 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Атап айтқанда, іс-шара барысында ұсақ бұзақылық бойынша – 944, қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 471 азамат анықталған. ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 1417, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 129, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 39, көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарған – 24 тұлғаға хаттама толтырылды. Сондай-ақ, есірткі затын тасымалдау және сақтау бойынша – 21 жайт анықталған.

Тәртіп сақшылары қоғамдық көмекшілермен бірлесіп іс-шара барысында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын атқарғанын атап өту керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру