Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: Шымкентте мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Шымкентте «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау мақсатында 2022 жылдың 9 қарашасынан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бір күндік нәтижесімен есірткі затын тасымалдау және сақтау бойынша үш дерек және атыс қаруын сақтау бойынша бір дәйек тіркелді. Тәртіп сақшылары бір күн ішінде 1026 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Атап айтқанда іс-шара барысында ұсақ бұзақылық бойынша – 149, қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 135, ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 271, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 20, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу бойынша – 16, көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы бойынша 6 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру