«Құқықтық тәртіп»: түркістандық полицейлер 250-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады
Түркістан облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 250-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар АПБ-нің полицейлерімен аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында 250-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар барысында 1 689 жек үй, 32 саяжай және 100 пәтерді аралап шықты.
Атап айтқанда, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына берудің – 2, жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі тексеруден өтпеген көлік құралын басқаруының – 14, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануының – 18, қозғалыстың қарсы жолағына шығуының екі фактісі, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің – 9, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың бір жайты анықталды.
Мысалы, отырарлық полицейлер аудан көшелерінің бірінде жол бойында көлік жүргізушісінің ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқанын байқады. Содан соң оны тоқтатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радистанцияны пайдалануы) бойынша әкімшілік хаттама толдырды.