«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: СҚО полицейлері бір күн ішінде 7 мас жүргізушіні ұстады
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында СҚО полицейлері бір күн ішінде жеті мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 наурызда кешкі уақытта Советская-Пионерская көшелерінің қиылысында Петропавл қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Subaru Legacy көлігінің жүргізушісін орта деңгейдегі масаң күйде ұстады.
32 жастағы қала тұрғыны рөлге көлік басқару құқығынсыз отырған. Масаң күйдегі петропавлдыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша материал жинастырылды. Аталған баппен жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.
– «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында 14 наурыздан бастап өткізіліп келеді. Полиция қызметкерлері бір күн ішінде жылдамдықты асырған 34 жүргізушіні анықтады, 15-і жаяу жүргіншілер өткелінен өтпегені үшін, сондай-ақ жеті адам мас күйінде көлік жүргізген және жеті жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.
Жыл басынан бері Петропавлда ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 54 жүргізуші жауапқа тартылды.