Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құрбысына кеткен”: Алматы облысының полицейлері жігітпен қашып кеткен жасөспірім қызды іздеп тапты

Алматы облысында жасөспірім қыз жігітпен қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйден кетіп, содан қайтып оралмады. Осындай маңызды ақпаратты Қапшағай аудандық полиция басқармасының кезекшісі қабылдаған. Тексеру барысында Қапшағай қаласының 16 жастағы тұрғыны ата-анасынан сұранып, құрбысының үйіне қонуға кеткен. Ата-анасы болса қыздарының жоспарынан мүлдем бейхабар еді. Бой жетіп қалған қызының әрекеттерінен күмәнданған әкесі тексере салуды жөн көреді. Түйсігі алдамағанын және құрбысының үйіне қызының келмегенін білген әкесі бірден полиция көмегіне жүгінген.

Қыздың мекенжайын анықтау ісіне жедел уәкілдер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің жоғалуына негіз болатын барлық нұсқаны пысықтады. Оның ұялы телефоны өшірулі, және қыздың достары мен таныстары соңғы күндері қызбен хабарласпаған болып шықты.
Із кесушілердің шұғыл әрі кәсіби шеберліктері нәтижелі болып, бір тәулік ішінде із-түссіз жоғалған қыз тауда жақын танысының қасынан табылды.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыз жігітімен тауға қашып кеткені белгілі болды. Жасөспірімдер өздерінің іске аспай қалған жоспарлары мен ниеттері туралы тіс жармады.
Жасөспірімдермен олардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндіретін осындай деректерге бұдан былай жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру