Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрбысына қонаққа келген азаматша үй иесін үптеп кеткен

Жамбыл облысының полицейлері құрбысының 500 мың теңгесін ұрлап кеткен азаматшаны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының полиция бөліміне 58 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің үйінен 500 000 теңгесін ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тұрар Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген сапалы тергеу амалдарының нәтижесінде жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысы болып табылатын 50 жастағы азаматшаның аталған ұрлықты жасағаны толық дәлелденді.

Ол құрбысының үйіне қонаққа келгенде ақшаның қай бөлмеде сақталатынын көріп, сол сәтте ойы бұзылған. Әңгімелесу барысында күдікті құрбысының қонаққа баратынын естіп, жәбірленуші қонаққа кеткенде оның үйіне терезесін ашу арқылы заңсыз кіріп, үй ішіндегі заттарды ақтарып, жәбірленушінің 500 000 теңгесін ұрлап кеткен.

Қазіргі таңда қылмыстық іс айыптау актісімен Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру