Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрмет пен тағзым: Атырауда полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті

Атырауда полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні Атырау қаласында бірқатар салтанатты іс-шаралармен аталып өтті. Ту, Елтаңба және Әнұран – елдің тәуелсіздігін, тұтастығы мен ұлттық болмысын бейнелейтін басты құндылықтар ретінде әрбір азаматтың жүрегінен орын алатын қасиетті нышандар.

Салтанатты жиын Рәміздер алаңында ұйымдастырылды. Шараға Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, жас мамандар мен қала тұрғындары қатысты. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалған сәтте қатысушылардың бойынан елге деген мақтаныш пен патриоттық рухтың лебі сезілді.

Сондай-ақ полиция департаментінің саптық алаңында жеке құрам сап түзеп, Мемлекеттік Туды көтеріп, салтанатты саптық жиын өткізді. Бұл – полиция қызметкерлерінің мемлекетке деген адалдығы мен сертке берік екенінің жарқын айғағы.

— Елдігіміздің рәміздері – жүрегіміздің төрінде. Бүгінгі шарада сол асқақ нышандарға қарап сап түзеп, патриоттық рухымызды қайта жаңғырттық. Мұндай мерекелер — болашақ ұрпақты отансүйгіштікке баулудың маңызы зор үлгісі. Құрметті әріптестер, баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Нұрхат Оразбаев.

Іс-шаралар Мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметті қалыптастыруға және жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді күшейтуге бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру