Құрылыс заттарын ұрлаумен айналысқан шымкенттік ұсталды
Құрылыс заттарын ұрлаумен айналысқан шымкенттік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 22 мамырында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу құрылысы бітпеген, сыртқы қоршауы қоршалмаған, есік-терезелері қойылмаған үш қабатты ғимараттың жертөлесінде тұрған әр қайсысының құны 20 мың теңге тұратын екі дана ағаш кесетін құрылғы, құны 25 000 теңге тұратын бір дана шарқайрақ, жалпы құрылысқа арналған құрал-жабдықтарын жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Тәртіп сақшылары ұрлық жайты болған мекен-жайға тез арада жетіп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден сұрастырып, көршілерден сауалнамалар жүргізді.
Полицейлердің шұғыл іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ұрлық жасаған күдікті ұсталды.
Ұсталған ер адамның осыған ұқсас төрт ұрлық жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.