Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: Қылмыс орындарына жаяу жету тексерісті жылдамдатады

Талдықорғандық полицейлер қылмыстық жерлерді жаяу патрульдеп, оқиға орындарына тексеріп жүргізуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстың алдын алу, жолын кесу, болдырмау және ізін суытпай ашу мақсатында, полиция қызметін атқару әдістерінің бірі ретінде Талдықорған қаласының аулаларында, көшелерінде және қоғамдық орындарында жаяу патрульдеу енгізілді. Қаланың 80 пайызы жаяу полиция нарядтарымен қамтылған.

«Жастар» спорт кешенінің алдында жаяу патрульдеудің тәжірибеге енгізілуіне байланысты полицияның кешенді күштерінің бірыңғай саптық таратуы өтті. Күн сайын қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін патрульдік полиция нарядтары, учаскелік полиция инспекторлары, ЖҚАЖ жауынгерлері командирлердің бағдарлары мен нұсқауларын тыңдады. Полицейлермен бірге сапта Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері де болды.

«Оқиға және қылмыс орындарына жаяу жету оңай екенін айғақтайтын арнайы талдау жүргізілді. Әрбір криминогендік учаскеге аулаларды қамтумен патрульдеудің жеке бағыты әзірленді, онда жаяу патруль маршрутының уақыт кезеңі, маршруттың сипаттамасы, атап айтқанда маршруттың ауданы, халықтың тығыздығы, тұрғын үй құрылыстарының, оның ішінде кіреберістер мен пәтерлердің, ПИК объектілерінің саны, іздеудегі тұлғалардың тізімі, есепке алынған адамдардың тізімі көрсетілген. Әрбір криминогендік маршрутқа учаскелік полиция инспекторлары, жаяу патрульдер, автопатрульдер, полиция басқармасының басшылығынан жауапты және тексеруші тұлғалар тарапынан бақылау орнатылады, яғни осы учаскеге төрт жақты бақылау жүргізіледі. Біз бұл жаңашылдықты қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың жақсы әдісі деп есептейміз», – дейді Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.

Бірыңғай таратуға екі жүзден астам полиция қызметкері қатысты. Бөлімше командирлері бағыныштылар арасында саптық бақылау өткізді.Кезекші тәуліктегі өзекті ақпараттарды жеткізді.

Анықтама үшін: Алматы облысы бойынша барлығы 280 патрульдеу бағыты әзірленді, оның ішінде 125 автокөлік, 2 мың 150 жаяу маршрут, 5 «Постылар модулі». Облыс орталығы – Талдықорған қаласында 60 патрульдеу бағыты әзірленді, атап айтқанда 40-тан астам жаяу және 12 мобильді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру