Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмысты жасырмақ болған: Қарағандыда бейнебақылау камерасын ұрлаған күдіктілер құрықталды

Қарағандыда ұрлықты жасыру мақсатында бейнебақылау камерасын қолды еткен күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне жеке кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Тәртіп сақшылары белгісіз біреулер мекеменің жертөлесіне кіретін темір есік пен екі бейнебақылау камерасын ұрлағанын анықтады.

Жәбірленуші тарапқа келтірілген шығын көлемі 160 мың теңгені құрады. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 мен 22 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Күдіктілер темір есікті өткізіп, ақша алмақшы болған. Ал бейнебақылау камераларын өздерінің ұрлығын жасыру мақсатында алып кеткендіктерін мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру