Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстық-атқару жүйесіне өмірін арнаған ардагер 80 жаста

Қылмыстық-атқару жүйесіне өмірін арнаған ардагер 80 жаста, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция полковнигі Алиасқар Мелдеханов өмірін қылмыстық-атқару жүйесіне арнаған ардагер. Түркістан қаласында туып-өскен Алиасқар Мелдеханов 1986 жылы КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын бітіріп, заңгер мамандығын алып шыққан.

Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын Алматы облысына қарасты №1 Тергеу изоляторынан бастаған Алиасқар Мелдеханұлы қылмыстық-атқару саласының барлық сатысынан өтті.

1974 жылдан бастап Алматы облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасының еңбекпен тәрбиелеу колонияларында бақылаушы, аға бақылаушы, бөлім бастығы, бастықтың тәрбие жөніндегі орынбасары, Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің түзеу жұмыстары жөніндегі бас басқармасына қарасты тергеу изоляторлары және түрме бөлімінің бастығы, басқарма бастығының режим және жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі бас басқармасының бастығы сияқты лауазымды қызметтер атқарды.

1996 жылы полковник шенімен құрметті демалысқа шыққан А.Мелдеханов бүгінде өзінің қызметтегі абыройлы жолымен кейінгі ұрпаққа үлгі болып жүр.

Оның тәлімін көріп, тәжірибесінен өткен лейтенаттар қазір полковник дәрежесіне жетіп, басшылық қызметте жүр.

Жуырда Алиасқар Мелдеханұлы 80 жасқа толды. Осыған орай Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің Ардагерлер кеңесі мен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД басшылығы құттықтап, құрмет көрсетті.

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ерлан Ұзақов ардақты ардагер А.Мелдехановтың өмірін жас мамандарға үлгі етіп, сөз сөйледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру