Қымбат велосипед ұрлап кеткен қарағандылық ұсталды
Қымбат велосипед ұрлап кеткен қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қарашада Қарағанды облысы Абай ауданының Топар полиция бөліміне 31 жастағы ер адам велосипедін белгісіз біреу ұрлап кеткені жайлы арызданды. Жәбірленуші елді мекендердің біріндегі дүкеннен тауар алып жатқан кезде есік алдына қойған велосипедті белгісіз біреу алып кеткен. Велосипедтің өзіндік құны 100 мың теңге шамасында.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті – Қарағанды қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қолға түскен күдікті велосипед ұрлағанын мойындады. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.