Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қырағы полицейлерге тұрғындардың алғысы ерекше

Қызылорда облысында қорадан мал ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстың алдын алу мен болдырмау, тұрғындардың талап-тілегін орындау бағытында Сырдария ауданында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, қылмыстарды тез ашу және күдіктіні құрықтау ісінде нәтижелі еңбек етіп келеді. Сәйкесінше қырағы құқық қорғаушыларға деген тұрғындар алғысы ерекше екенін де атап өтуіміз керек.

2020 жылғы 1 шілде тұрғын А.Кенджебаева үшін сынаққа толы болды. Ол сол күні ұрылардың кесірінен қорасындағы малынан айырылып қалды. Материалдық шығынға тап болған ол тәртіп сақшыларына арыздану жөнінде шешім қабылдайды. Осылайша, аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріседі.

Нәтижесінде ұры тез ұсталып, одан жауап алынып, қамаққа алынды. Осы ретте қылмысты ашуда қырағылық танытқан құқық қорғаушыларға азаматша К.Кенджебаева ерекше алғыс білдіреді.

– Қорадағы малым ұрланады деп еш ойламаппын. Арызданғаным дұрыс болды. Тәртіп сақшылары тез қимылдап, ұрыны дереу анықтады. Тәртіп сақшыларына айтар алғысым шексіз. Қиын да күрделі жұмыстарына жеміс тілеймін,дейді тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру