Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызмет пен адалдыққа өмірін арнаған ҚАЖ ардагері

Қызмет пен адалдыққа өмірін арнаған ҚАЖ ардагері жайлы Polisia.kz сайты ақпарат ұсынады.

ІІО ардагері Жаңаөмір Жамаловтың — өмір жолы елдің қылмыстық-атқару жүйесінің тарихымен тығыз өрілген. Қылмыстық-атқару жүйесінде 37 жылдан астам мінсіз еңбек атқарған. Бұл – жоғары жауапкершілік пен таңдаған ісіне деген терең құрметтің айқын көрінісі.

1989 жылдан бастап ол Ақмола облысы ІІБ ҚАЖ өндірісін басқарды, ал 1990–1997 жылдары Степногорск қаласындағы ЕЦ-166/18 мекемесінің басшысы болды. Оның басшылығымен жаңа нысандар салынды, тәртіп нығайтылды, инфрақұрылым дамытылды, қызметкерлердің сапалы әрі тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасалды.

Ең жарқын жетістіктерінің бірі — 110 орындық Республикалық соматикалық аурухананың салынуына зор үлес қосты. Ол бұл нысанды дерлік нөлден бастап тұрғызып, Қазақстанның барлық колонияларынан жеткізілетін сотталғандарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті.

Ұйымдастырушылық қабілеті қызмет еткен әр өңірінде жоғары бағаланды. Торғай облысынан бастап Ақмола өңіріне дейін милиция ғимараттарын салуға, бөлімшелерді нығайтуға, аудандық бөлімдердің жұмысын жолға қоюға тікелей үлес қосты.

Көпжылдық еңбегі үшін Жаңаөмір Жамалов "ҚР ІІМ Құрметті ардагері" атағымен марапатталды. Ал 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды.

2007 жылдың желтоқсанынан бастап ол ҚР ІІМ ҚАЖК Ардагерлер кеңесін (кейін Астана қаласы бойынша ҚАЖД) басқарып келеді. Жас буынға адалдықты, табандылықты және мамандыққа берілгендікті үйретіп келеді.

Алайда барлық атақ-абыройдың ар жағында ең алдымен — қарапайым адам тұр. Бес бала тәрбиелеп өсірген, 16 немере мен 8 шөбере сүйіп отырған, отбасы үшін де, қызметтес әріптестері үшін де қадірлі, дана әрі мейірімді жан.

Бұл — бір адамның тек құжаттар мен бұйрықтарда ғана емес, адамдардың жүрегінде де із қалдыра алатыны туралы тарих.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру