Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызмет пен спортты қатар алып жүрген тәртіп сақшысы

Қызмет пен спортты қатар алып жүрген тәртіп сақшысы жетістіктерімен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Динамо” спорт қоғамы – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене дайындығы мен патриоттық рухының тірегі.

Аталмыш кешен - полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығын арттырумен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және спорттық рухты нығайту бағытында маңызды жұмыстар атқарады.

Динамолықтар халықаралық додаларда да үлкен жетістіктерге жетіп, жеңіс тұғырынан көріне білуде. Солардың бірі Астана қ. ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Байдаурен Чуюнбаев.

Ол ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді. ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі.  Академияның үздіктер қатарындағы “Алтын кітабына” жазылған. Байдаурен Анарбайұлы әскери самбодан спорт шебері. Қазақша күрес, дзюдо, қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер. 2024 жылы өткен унифайттан ҚР чемпионатының жеңімпазы.

Спортшымыз өз жұмысына жауапты, аса ұқыптылықпен қарайды. Жұмыспен қатар қызығушылықтарын қоса алып жүрген спортшы десек те болады. 

 “Динамо” тек спорт алаңы ғана емес, тәртіп пен ерліктің, күш пен рухтың символына айналған. Бұл қоғам – полиция қызметінің мәртебесін арттырып, олардың жан-жақты дамуына негіз болатын сенімді серіктес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру