Қызмет пен жанұя үйлесімін тапқан Аймагамбетовтар әулеті
Аймагамбетовтар әулеті – қызметке деген адалдық пен отбасылық құндылықтарды жоғары қоятын жанұяның жарқын үлгісі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасының тірегі Тимур Аймагамбетов – Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД департаментінің №74 мекемесінде режим және күзет бөлімінің корпус бойынша аға қызметкері. Ал оның жұбайы Әлия Аймагамбетова осы мекемеде АКАТӘПЖ бөлімінің жасақ бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді.
2015 жылы өмірлік одақ құрған ерлі-зайыптылар бүгінде төрт бірдей баланы тәрбиелеп отыр. Ең кенжесі – екі жаста. 2025 жылдың сәуірінде Аймагамбетовтар отбасы шаңырақ көтергендеріне 10 жыл толуын атап өтті.
Тимур Аймагамбетов: "Ерлі-зайыптылар кез келген қиындыққа төтеп беріп, бір-біріне тірек бола білуі керек", – дейді. Ал қызметі мен аналық парызын қатар алып жүрген Әлия Аймагамбетова – жолдасының сенімді серігі. Ол полиция қызметінің қыр-сырын жақсы түсініп, жарын әрдайым қолдап жүреді.
Аймагамбетовтар отбасы үшін қызмет – парыз, ал отбасы – шынайы махаббат пен рухани қуаттың қайнары.