Қызметкерлердің денсаулығын сақтау – басты назарда
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы жеке құрамға және азаматтарға сақтық шаралары туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлемді жайлаған Covid-2019 дертінің салдары дүниежүзі елдеріне оңайға соқпады. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Қазіргі уақытта індеттің өршуі бәсеңсіген сыңайлы.
Алайда көпшіліктің ойын аталмыш аурудың екінші толқыны мазалауда. Ауру артта қалды екен деп сақтық шараларын сақтауды тоқтатпау қажет. Осындай қиын сәтте елдің қамын жеген полиция және медицина қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Олардың да денсаулықтары маңызды.
– Біз өз қызметкерлеріміздің денсаулықтары үшін алаңдаймыз. Олардан өздері үшін және олармен байланысқа түсетін адамдардың денсаулығы үшін барлық сақтық шараларын қатаң ұстануын талап етеміз. Дерт өршіп тұрған кезде полиция қызметкерлерінің өз денсаулықтарын тәуекелге тігіп, күндіз-түні қызмет атқарғаны баршаға мәлім. Әр қызметкердің денсаулық жағдайы біздің жіті бақылауымызда, сондай-ақ оларды үнемі жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етудеміз. Құрметті қала тұрғындары және қонақтары елдегі эпидемологиялық ахуалға байланысты сақтық шараларын мейлінше ұстануды сұраймыз, – деп атап өтті Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Ж.Бактыбаев.