Қызметпен өткен ғұмыр: ҚАЖ ардагерлері жас буынмен тәжірибе бөлісті
Қызылорда облысында ҚАЖ ардагерлері жас буынмен тәжірибе бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 37 мекемесінде "Қызметпен өткен ғұмыр – ҚАЖ ардагерінің тағылымы" атты ардагерлермен тағылымдық кездесу өтті. Іс-шараға жеке құрамның жас қызметкерлері мен ҚАЖ саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер қатысты.
Кездесу барысында ҚАЖ саласының ардагерлері – Мұхтар Садықов, Ғалымжан Мүйденов, Жалғас Есмаханов, Азат Раисов, Марат Қойбағаров және Шәдібек Ақпанбетов жас мамандарға өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Ардагерлер жас қызметкерлерге қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері мен жауапкершілігі жайында айтып, бұл салада қызмет ету — үлкен шыдамдылық пен адалдықты талап ететінін ерекше атап өтті.
– Қызметтің оңайы жоқ. Бастысы – кез келген қиындыққа мойымай, елге, заңға және қабылдаған антыңа адал болу керек. Біз осы жолдан өткенбіз, – деп бөлісті ардагерлер өз кеңестерімен.
Мұндай шаралар жас қызметкерлер үшін үлкен мотивация болып, кәсіби дамуға тың серпін беретіні сөзсіз. ҚАЖ жүйесінде ұрпақ сабақтастығын сақтау, ардагерлерге құрмет көрсету – қызметтік рухты көтерудің және тәртіп сақшыларының бірлігін арттырудың маңызды тетігі болып табылады.