Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік иттер және кәсіби даярлық: Жетісу облысында көшпелі оқу-жаттығу курсы өтті

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті қызметкерлері біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Кинологиялық орталығының нұсқаушылары Жетісу облысы полиция департаментінің қызметтік иттері бар 15 кинологына арналған көшпелі, тәжірибеге бағытталған оқу-жаттығу өткізді.

Бағдарлама 80 сағаттық практикалық сабақтарды, оның ішінде түнгі жаттығуларды қамтып, есірткі құралдары мен жарылғыш заттарды іздеу, із кесу, сәйкестендіру, шабуылдау арқылы ұстау, сондай-ақ полицияның арнайы бөлімшелерімен тактикалық өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталды.

Курс қорытындысы бойынша қызметкерлердің кәсіби құзыреттерінің және қызметтік даярлыққа деген ынтасының артқаны атап өтілді.

Оқытудың көшпелі форматы өзінің тиімділігі мен экономикалық негізділігін дәлелдеді.

“Мобильді нұсқаушы K9” жобасы жоғары нәтижелілігін көрсетіп, оны елдің басқа өңірлерінде де кеңейту қажеттігін айқындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру