Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен биыл Ақтөбеде 200-ден астам қылмыс ашылды
Ақтөбе облысы Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының балансында 37 қызметтік-іздестіру иттері қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл неміс шопандары, бельгиялық шопан, орыс спаниелі және лабрадор.
Биылғы жылдың сегіз айының ішінде олардың көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылды.
Оларға ұрлық, тонау және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар жатады.
Төрт аяқты қызметкерлердің арқасында заңсыз айналымнан 105 кг есірткі заты тәркіленіп, 100-ге жуық ұрлық ашылды.
– Осы айдағы дүкендегі соңғы ұрлықтардың бірі «Амур»атты қызметтік-іздестіру итімен ашылды. Ізін суытпай күдіктіні ұстады, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Жаз мезгілінде біздің иттер күніне екі рет 510 гр-нан құрғақ тағам алады, – дейді Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Сапабек Рахимов, – қыста оларға ыстық тамақ керек, сондықтан біз олар үшін ботқа пісіреміз. Жылына екі рет иттерге обаға қарсы вакцинация жасалады. Әр кинологтың өз иті бар, ол да ауысымнан кейін демалады және басқа қызметкерлерге бағынбайды. Демалыстан кейін оларды жаттықтырады.