Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік планшеттермен қамтамасыз етілді

Маңғыстау облысының учаскелік полиция инспекторлары қызметтік планшеттермен толық қамтамасыз етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президентінің Жолдауында Ішкі істер органдары жүйесін реформалаудағы басты рөл учаскелік полиция қызметкерлеріне жүктелгені атап өтілді. Полиция халыққа қолжетімді болып, олардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуі тиіс.

Осы қағидатты жүзеге асыру мақсатында жергілікті ішкі істер органдары қызметкерлерінің халықпен тығыз жұмыс істеуі үшін оңтайлы жағдайлар жасалып, олар қажетті материалдық-техникалық  құралдармен толық қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда Маңғыстау облысы бойынша учаскелік полиция инспекторларына азаматтардың жеке басын бірден анықтау үшін 277 планшет берілді. Бұл құралдар тәртіп сақшыларына уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Енді полиция қызметкерлеріне азаматтардың жеке басын анықтау, олардың деректерін тексеру үшін азаматтарды учаскелік пунктке апарудың қажеті жоқ.

Құрылғы қарапайым планшетке ұқсайды. Ерекшелігі оған арнайы бағдарлама енгізілген. Бұл қорғалған байланыс арналары арқылы Ішкі істер министрлігінің деректер базасына кіруге мүмкіндік береді.

Учаскелік инспектор құқық бұзушыны дереу тексеріп, әкімшілік хаттаманы электрондық форматта рәсімдей алады. Бұл азаматтардың уақытын алып, учаскелік пунктке апармауға мүмкіндік береді. Деректер базасында қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске туралы мәліметтер үнемі жаңартылып отырады.

– Қазіргі уақытта учаскелік полиция инспекторлары «WhatsApp» мессенджеріндегі тұрғындардың чаттарына қосылып, «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшалармен белсенді жұмыс істеуде. Бұл – халықпен өзара байланысудың жаңа тетігі. Полиция қызметкерлерінің халыққа жақындағанының тағы бір көрінісі, – деп атап өтті Департамент бастығы  Ж.Бактыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру