Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ПД бастығы Арал ауданына барды

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Арал аудандық полиция бөлімінің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов жұмыс сапарымен Арал ауданына барды. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, жұмысымен танысты. Ғимаратын тексеріп, материалдық-техникалық жарақтандыру жағдайын көріп шықты.

Жалпы, облыс шалғайында орналасқан бұл ауданда қылмыстық ахуал тұрақты. Құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында полицияның кешенді күштері жұмылдырылу арқылы күшейтілді. Сондай-ақ аудан орталығына кезең-кезеңімен учаскелік полиция инспекторларының күштері тартылып, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Осы және өзге де атқарылған шаралар туралы облыстың бас полицейіне аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлтай Нұрсұлтан есеп берді. Аудан халқының көп бөлігі балық және мал шаруашылығымен айналысатындығын айтып, бұған қоса аудан көлемінде мал ұрлығының алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.

Департамент бастығы ішкі істер министрінің қылмысқа қарсы күрес бойынша берілген тапсырмаларына жіті тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

- Ішкі істер министрлігінің Алқа отырысында министрлік департаментке маңызды міндеттер қойды. Оның бірі Қазақстанда азаматтарға қауіпсіз аумақ құру. Бұл үшін министрлікпен барлық жағдай жасалуда. Профилактика – барлық қызмет саласының міндеті. Қоғаммен ашық тіл табысып, азаматтардың сеніміне ие болып, атқарылған жұмыстарды ашық көрсетуіміз қажет, - деді ПД бастығы.

Сондай-ақ бүгінгі жұмыс сапары барысында ПД бастығы саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған ардагерлермен кездесті. Кездесу барысында сөз алған департамент бастығы ардагерлеріміздің ақыл-кеңестері мен ой-пікірлерінің өте маңызды екенін атап өтті. Ардагерлер де түрлі мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында олар жаңадан тағайындалған департамент бастығына құрметі үшін ризашылықтарын білдіріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында әрқашан кеңесуге дайын екендерін жеткізді.

Департамент бастығының Арал ауданына жұмыс сапары аяқталып, ары қарай Қазалы ауданында жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру