Қызылорда облыстық ПД бастығы Жалағаш ауданының тұрғындарын жеке қабылдады
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов Жалағаш ауданының тұрғындарын жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары барысында Жалағаш ауданының халқымен кездесіп, құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге жергілікті тұрғындарды қабылдады.
Азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін жедел және сапалы қарау мәселесі полиция қызметіндегі маңызды бағыт.
Азаматтардың өтініштерін уақытылы қарап, оңтайлы шешімін табу халықтың полицияға деген сенімін арттыратыны белгілі. Бұл мақсатта Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов Жалағаш ауданының тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының өздерін мазалаған мәселелері бойынша сауалдары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатындағы ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жеке қабылдауға шағым, ұсыныстарымен келген тұрғындарды ПД бастығы мұқият тыңдап, заң аясында кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр сауалды назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.