Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ПД бастығының жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасты

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы полиция департаментінің  бастығы Серік Ергешов аудандық полиция бөлімінде болып, жұмыс барысымен танысты.

Полиция департаментінің бастығы бөлімнің негізгі қызметін бақылаумен қатар, ондағы қызметкерлермен жеке кездесті. Аудандық полиция бөлімінің ғимаратында болып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес полиция қызметкерлерінің халыққа мейлінше жақын және тұрғындармен ашық диалог құра білу қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімі бастығының есебі тыңдалды.

Қазалы ауданы полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов аудан көлемінде профилактикалық іс-шаралар күшейтілгенін, қылмыстардың алдын алу бағыты бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастырылғанын айтты.

ПД бастығы жеке құраммен кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын бұлжытпай іске асыру, полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайту, ашықтықты қамтамасыз ету, цифрландыру сияқты бағыттарға назар аударды.

– Жуырда Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқасы өтті. Министр полиция қызметін цифрландыру, заңсыз есірткі айналымымен күресті күшейту, алаяқтықпен күрес, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру қажеттігін мәлімдеді. Бұл мақсатта жеке құрамның жұмысы тынымсыз жүруі қажет. Полиция қызметкерінің басты ұстанымы – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Мұның бәрі елге адал қызмет етуден бастау алады. Ол үшін елмен етене жұмыс істеу керек. Полициядағы заманауи реформаларды басшылыққа ала отырып, жұмыстағы ескі тәсілдерді өзгерту қажет, – деді Серік Ергешов.

Бүгінгі жұмыс сапары барысында ПД бастығы аға буын өкілдерімен де кездесті. Адагерлермен етене сұхбаттасып, құрметін білдірді. Ардагерлер Қызылорда облысы полиция департаментінің жаңа бастығына алғысын айтып, күрделі қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру