Қызылорда облыстық ПД-да атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жоспар құрылды
Қызылорда облысы полиция департаментінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы уақытқа жоспар құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов жедел кеңес өткізіп, 9 айдан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жиынға департамент бастығының орынбасарлары, басқарма, қала, аудан басшылары және жеке құрам қатысты.
Департамент бастығының орынбасарлары жетекшілік ететін салалары бойынша баяндама жасап, қызмет басшыларының есебі тыңдалды. Сондай-ақ Серік Ергешов барлық қала және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына бірқатар тапсырма беріп, профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттарды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.
Өңірде 9 айында қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі 1,3%, оның ішінде ұрлық, тонау қылмыстары төмендеді. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда, көшелерде жасалған қылмыстардың саны азайды. Жалпы қылмыстың негізгі түрлері бойынша ашылу пайызының өсу тенденциясы қалыптасты.
– Өздеріңізге белгілі 17 қазанда ІІМ-нің алқа отырысы өтті. Кеңейтілген алқа отырысында министр бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, оның ішінде жастар арасындағы құқықтық сауатты қалыптастырып, халықтың сенімін нығайту бағытындағы жұмысты жандандыруымыз қажет деді, – департамент бастығы.
Кеңес барысында Серік Ергешов “Заң мен тәртіп” қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жіті тоқталды.
Сонымен қатар ішкі істер органдары үшін басым міндеттер – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа қарсы күресті күшейту, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударды.
9 айдың жұмысы қорытындыланған жиын соңында департамент бастығы жеке құрамға Мемлекет басшысының, ішкі істер министрінің тапсырмаларын орындауда нәтижелі жұмыс жасау қажеттігін тапсырып, алдағы кезеңге арналған нақты жоспар белгіледі.