Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ПД-да жастарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды

Қызылорда облысы полиция департаментінде еріктілер мен белсенді жастарға арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін "Қайсар" патриоттық жобасы аясында "Жастар Рухы" Жастар қанатының белсенділері Қызылорда облысы полиция департаментінің мұражайымен, жедел басқару орталығы мен кинология орталығының есірткі заттарын анықтайтын иісшіл иттердің жасырылған жұмысымен танысты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарын насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету.

Мұражай қызметкері қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алып, жыл сайын толығып жатқан экспонаттарымен және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде аянбай қызмет жасаған ардагерлер туралы сақталған мәліметтерімен таныстырып, мол мағлұмат берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру