Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Жалағаш және Сырдария аудандарына іссапармен барды

Қызылорда облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеев Жалағаш және Сырдария аудандарына іссапармен барып, аудан әкімі Ардақ Ибраимов және аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық “Аманат” партиясының атқарушы хатшысы Ханшагүл Мұстафаевамен және басқа да жауапты мекеме басшыларымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиын барысында ауыл әкімдерімен аудандық ветеринариялық станциясы және аудандық ветеринария инспекциясымен бірлесіп ішкі тасжолдарда және Батыс Европа – Батыс Қытай күре жолындағы үй жануарларының жолға шығу салдарынан болатын жол көлік оқиғаларын болдырмау және алдын алу жолдары талқыланды. Жарық шағылдырғыш бояу жаққызу немесе шағылыстырғыш мойындықтар тағу мәселелері қозғалды.

Е.Жаукеев жол-көлік оқиғаларын талқылау барысында Батыс Европа – Батыс Қытай күре жолындағы Аққұм, Еңбек, Бұхарбай Батыр, Таң елдімекен тұстарына жолдың бойында үй жануарларының бейберекет жүріп, жолға шығуының алдын алу үшін кезекшілік ұйымдастыруды ұсынды. Аталған елдімекендердің маңына мал ұстайтын арнайы қораларды салу жөн екенін айтты.

Сонымен қатар жиында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заң нормалары талқыланды. Е.Жаукеев осы заңдағы өзгерістер жайында аудан азаматтарына кеңінен түсіндіру қажет екенін тілге тиек етті.

Аудан әкімі тұрғындардың жолдағы қауіпсіздігі үшін кезекшілік ұйымдастырылып, жарық шағылдырғыш немесе шағылыстырғыш мойындықтар тағу және арнайы қораларды салу мәселесін қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру