Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы жеке қабылдау өткізді
Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға алдын ала жазылған 11 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.
Қабылдауға келгендердің дені белгілі бір қылмыстық істер бойынша уәждерін алға тартса, бірқатар тұрғындар кадрлық мәселелер бойынша сауалдарымен жүгінді.
Қабылдау барысында департамент бастығы барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, жекелеген сауалдар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Барлық өтініштер ПД бастығының жеке бақылауына алынды.