Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖ қызметкерлерінің балаларына мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Қызылорда облыстық ҚАЖ қызметкерлерінің балаларына мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекеме жеке құрам қызметкерлерінің балалары үшін ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Балалар Жастар театрына барып, “Қошқар мен теке” атты жаңа жылдық қойылымды тамашалады.

Көңілді де әсерлі қойылым барысында бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен бірге шат-шадыман күй кешіп, театр сахнасындағы қызықты көріністерге куә болды. Сонымен қатар балалар шыршаны айналып, Аяз ата мен Ақшақарға өлең айтып, ән салып, би билеп, тәтті сыйлықтарға ие болды. Мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

– Жаңа жыл – әрбір баланың асыға күтетін, армандары орындалатын ерекше мереке. Осындай қуанышты сәттерде балаларымыздың жүзінен күлкі көріп, шаттығына ортақ болу – біз үшін үлкен бақыт. Баршаңызға жаңа жыл тек жақсылық, мол ырыс пен береке әкелсін, – деді мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі психологы Замира Бостанова.

Ата-аналар тарапынан ұйымдастырушыларға алғыс айтылып, балаларға осындай тағылымды әрі көңілді мереке сыйлағаны үшін ризашылық білдірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру