Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД-да әдеби іс-шара ұйымдастырылды

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осы атаулы күнге орай ҚАЖ департаментінің тіл маманы Д. Достанова №37 мекеме қызметкерлеріне әдеби іс-шара ұйымдастырды.

Шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды ақпарат беріліп, оның өлеңдері оқылды. Қызметкерлер ақынның жүрекке жылы, рухани терең өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әдеби кеш ақын мұрасын дәріптеу, рухани байлығымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

- Мұқағали Мақатаев – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, поэзияның мәңгілік шамшырағы. Оның өлеңдері қанша жыл өтсе де, өз құндылығын жоғалтпай, керісінше, уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа оқырмандарын табуда. Біз бүгінгі іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алдық, жырларын оқып, бір сәтке болсын Мұқағали әлеміне ендік. Мен Мұқағали жырлары мәңгілік өшпейді деп есептеймін. Оның шығармалары бізге өмірдің мәнін ұғындырып, рухани күш береді. Қызметте жүрсем де, ақын өлеңдерін жиі оқимын. Бүгінгі тағылымды шарадан рухани азық алдық, - дейді ҚАЖД қызметкері Сая Кенжеғұлова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру