Қызылорда облыстық ҚАЖД-да ІІО ардагерлер күніне орай мерекелік іс-шара өтті
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ішкі істер органдары ардагерлері күніне арналған салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мерекелік жиынға департамент басшылығы, жеке құрам қызметкерлері және сала ардагерлері қатысты. Салтанатты шараны департамент бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Мелдебекұлы ашып, қонақтарды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол ардагерлердің қылмыстық-атқару жүйесін қалыптастыру мен дамытудағы еңбегіне ерекше тоқталды.
– Ардагерлер – біздің жүйеміздің тарихы мен тірегі. Сіздер әрқашан жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, қызметтік және адамдық өнегелеріңізбен үлгі болып келесіздер. Бүгінгі буын Сіздердің іздеріңізді жалғастырып, қоғамға адал қызмет етуді басты парыз санайды. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! – деді өз құттықтауында Жәнібек Мелдебекұлы.

Іс-шара барысында бірқатар ардагерлер ҚАЖ департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар ҚАЖ ардагерлер ұйымының төрағасы Талғат Шәкіұлы сөз сөйлеп, ардагерлерге көрсетіп жатқан құрметке ризашылығын білдіріп, жас қызметкерлерге ізгі тілегін арнады. Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ардагерлерге арнап патриоттық әндер орындалды.
