Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД-да жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңеске департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев төрағалық етті. Жиынға департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелердің, сондай-ақ аудандық және қалалық пробация қызметтерінің басшылары қатысты.

Кеңесті ашқан департамент басшысы Мемлекет басшысының құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын және ішкі істер министрлігінде өткен Алқа отырысында айтылған негізгі талаптар мен міндеттерді жеке құрамға жеткізді. Сонымен қатар Ішкі істер министрінің ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіруге бағытталған тапсырмалары мен ҚАЖ комитеті төрағасының нақты нұсқаулары таныстырылды.

Жиын барысында 2025 жылдың алғашқы үш айында атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланып, жеткен жетістіктер мен орын алған кемшіліктер талқыланды.

Кеңесті қорытындылаған Шаймерден Есенкелдиев мекеме басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда:

- Сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында жеке кәсіпкерлермен бірлескен кездесулер ұйымдастыру;

- Қолдануға тыйым салынған заттардың мекеме ішіне өтуінің алдын алу бойынша жедел-алдын алу шараларын күшейту;

- Сотталғандармен тәрбиелік жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу;

- Пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауын болдырмауға бағытталған кешенді шаралар қабылдау;

- Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты әрі тұрақты іс-шараларды жүзеге асыру.

Кеңес қорытындысында алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, департамент жұмысының тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру