Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемелерінде есірткіге қарсы тексеріс жұмыстары күшейтілді
Қызылорда облысында нашақорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанымен, есірткіге елітіп, тәуелді болып қалушылар саны аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері көбейген. Бұл орайда өз міндетін мінсіз атқарып жүрген тергеу мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қырағылық танытып,мекеме аумағына есірткі тасымалдануының алдын алып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес 19-29 желтоқсан күндері аралығында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне есірткінің енуін болдырмау, анықтау мақсатында күшейтілген тексеру іс-шарасын өткізу белгіленген.
Осыған байланысты Қызылорда облысының полициясының кинология қызметінен бір қызметкер қызметтік итпен шақыртылды және Қызылорда желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі Е.Ескалиев, кіші инспектор кинологі Ж.Бәкірмен бірлесіп, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен, бақылау өткізу бекетінен бастап, сәлем-саухат қабылдау орнына дейін тексерілді. Тексеру кезінде есірткіге қатысты факті тіркелген жоқ, дегенмен аталған бағытта жұмыстар жалғасын табады.
Есірткіге қарсы күрес, яғни тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сондай-ақ қамаудағылар мен қызметкерлерге есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын мекеменің жедел бөлімінің бастығы Өмірзақ Сейдахметов үнемі ескертіп келеді.