Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемесінде сотталған азаматқа психологиялық көмек берілді

Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемесінде сотталған азаматқа психологиялық көмек берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Психолог мамандардың сотталған адамдармен жұмыс жүргізудегі міндеттерінің бірі – әлеуметтік медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды анықтау және мұндай жағдай болғанда қиындықтарды шешіп, тұрмыстарын өзгертуге жәрдем көрсету.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68, №37 мекемесінің психолог мамандары сотталған азаматтармен жұмыстарын уақытылы жүргізеді. ҚР ҚК-нің 122-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша жазасын өтеп жүрген азаматпен жеке кездесу өтті. Психологпен кездесу барысында сотталған азамат өзін жайлы сезіне алды.

Ашық, еркін әңгімелесу барысында №37 мекемесінің психолог маманы сотталған азаматтың жай-күйін нақты сезіну мақсатында ақ параққа үй, ағаш, адамның суретін салуын өтініп, оның психологиялық қалпын түсіне алды. Өткізілген іс-шарада жазасын өтеуші азамат жақсы әсер алып, №68, №37 мекемесінің психолог мамандары Сүлеймен Омарбек пен Ақгүл Амановаға алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру