Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-да тіл мерекесіне орай тағылымды іс-шара өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-да тіл мерекесіне орай тағылымды іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық пробация қызметкерлері Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тағылымды іс-шара өткізді.

Шараны ҚАЖ департаментінің тіл маманы Данагүл Жеңісқызы ұйымдастырып, жүргізді.
Шара барысында тіл маманы мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталып, ұлт тарихындағы тіл жанашыры, Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері туралы тың ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, тілдің ұлттық болмысты сақтаудағы рөлі мен жастарды тәрбиелеудегі мәні жан-жақты айтылды.

Шара соңында қызметкерлердің белсенділігін арттыру мақсатында қызықты ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар фразеологизмдер мен көнерген сөздердің мағынасын табуда өз білімдерін сынап, танымдық бәсекеге түсті. Бұл ойын түріндегі жұмыс қызметкерлердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сөздік қорын кеңейтуге де ықпал етті.

Іс-шара қатысушыларға рухани серпіліс беріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеуге бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру