Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-да жедел кеңес өтті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиевтің төрағалығымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел кеңесте 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындыланды. Жиынға ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімі бастығы Ерген Бастамиев, «Еңбек-Қызылорда» РМК директоры, ҚАЖ департаменті ардагерлер ұйымының төрағасы Талғат Шәкіұлы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жиынды департамент бастығы ашып, ҚР ішкі істер министрінің жыл қорытындысы бойынша алқа мәжілісінде айтылған тапсырмаларын жеке құрамға жеткізді. Жедел кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары Ж.Зиябеков, Ж.Әбдіқайыров сөз сөйлеп, қызметтің барлық бағытындағы жұмыс нәтижелерін баяндады. ҚАЖ департаментіне қарасты №37, №60 және №68 мекемелердің бастықтары мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Баяндамашыларды тыңдаған ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев алға қойған мақсаттарды орындау, мекемелерде ұстау режимін қамтамасыз ету, тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу, сотталғандардың 100 пайыз жұмыспен қамтылуы, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандырып, басты назарда ұстау қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.