Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде тәлімгерлер кеңесі өтті
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 37 мекемесінде ҚАЖ ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен тәлімгерлер кеңесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуді тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Мұхтар Садықов ашып, қылмыстық-атқару жүйесіндегі күнделікті қызметтің күрделілігі мен жауапкершілігіне тоқталды.

Шара барысында ҚАЖ ардагерлері де өздерінің өмірлік тәжірибесімен, қызметтік жолымен бөлісті. Олар жас қызметкерлерге антқа адал болудың, моральдық тұрақтылықтың және шыдамдылықтың маңызын түсіндіріп, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу – әр қызметкердің басты міндеті екенін айтты.
Ардагерлер қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істеу тек кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді, сабырлық пен зерделілікті талап ететінін ерекше атап өтті.
Жас қызметкерлер өз кезегінде ардагерлердің ақыл-кеңестері үшін алғыстарын білдіріп, алған білімдері мен тәжірибелерін қызметте қолдануға дайын екенін жеткізді.
