Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде танымдық кездесу ұйымдастырылды
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай қызметкерлерге арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік нышандардың маңызын терең ұғындыру, азаматтық сана мен патриоттық рухты нығайту.
Кездесу барысында мекеме заңгері Жалғас Есмаханов "Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздер" тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихи мәні мен құқықтық мәртебесіне кеңінен тоқталып, бұл рәміздер әрбір қазақстандық үшін қастерлі әрі қадірлі екенін атап өтті.
Заңгер мемлекеттік рәміздердің жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырудағы ерекше рөлін ерекше атап өтіп, оларды күнделікті өмірде құрметпен қолданудың маңызын жеткізді.
Іс-шара соңында қызметкерлер арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өзара пікір алмасу өтті. Осындай мазмұнды кездесулер қызметкерлердің елдік санасын арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті тереңдетуге ықпал етеді.