Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ұжымы сәбилер үйіне қайырымдылық жасады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ұжымы сәбилер үйіне қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін айта келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Жақсылық жасауды үрдіске айналдырған Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде барып бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, сыйлықтар тарту етіп, қайырымдылық жасады.

– «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген дана халқымыз. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Келер күннің айнасы. Оларды қуанышқа бөлеу – біздің парызымыз. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұжымы дәстүрлі түрде мереке сайын балаларға қуаныш сыйлаймыз. Бүгін де сәбилерімізге ең қажетті ойыншықтар тарту еттік, – деді департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев.

Бүгінде сәбилер үйінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтар кездесетін 1-4 жас аралығындағы 50-ге жуық бала тәрбиеленуде.

Облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің қызметкерлері департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиевке және ұжым қызметкерлеріне сый-сияпаттары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру