Қызылорда облысы ПД басшысы облыс орталығында азаматтарды қабылдады
Қызылорда облысы ПД басшысы облыс орталығында азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесе жеке қабылдау жүргізуде. Кезекті қабылдау облыс орталығында өтті.
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов 8 тұрғынды қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтардың әрқайсысының өтініштері тыңдалып, заң шеңберінде жауаптар берілді. Көтерілген мәселелер назарға алынып, тез арада шешілуі үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Кейбір мәселелер сол сәтте шешімін тапса, басқа тұрғындар өтініш жазып қалдырды. Шешімі уақытты қажет ететін сұрақтар бақылауға алынып, заңға қайшы ұсыныстар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Полиция бастығы азаматтарға мәселелердің "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтіп, құзыретіне кірмейтін өтініштер бойынша заңгерлік кеңес берді.
