Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы аудан тұрғындарын жеке қабылдады

Қызылорда облысында құқық қорғау органдары басшылары халықпен кездесіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта облыс әкімімен бірлесе өткізілген кезекті жеке қабылдау Шиелі және Жаңақорған аудандарында өтті.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініш-тілектеріне құлақ асты. Қабылдау барысында әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында жауаптар берілді. Департамент басшысы көтерілген сұрақтардың барлығын назарға алып, тиісті сала жетекшілеріне жедел шара қабылдауды тапсырды. Барлық өтініштер заңда белгіленген мерзімде қарастырылып, жауап берілуі тиіс екені ескертілді.

Кейбір тұрғындардың мәселелері сол жерде шешімін тапса, бірқатары ресми арыз жазып, өтінім қалдырды. Уақытты қажет ететін сұрақтар бақылауға алынып, ал заң нормаларына қайшы келетін талаптар бойынша азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындары құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті құқық қорғау қызметін жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді. Департамент бастығы көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтіп, полиция құзыретіне кірмейтін сұрақтар бойынша тұрғындарға құқықтық кеңес берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру