Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы іссапармен Жаңақорғанға барды

Қызылорда облысы ПД бастығы іссапармен Жаңақорғанға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болып, аудандық полиция бөлімінің қызметімен танысты. Жеке құраммен кездесті. Кездесу барысында аудан аумағындағы қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған шаралар талқыланды.

Жалпы бүгінгі күні Жаңақорған ауданында қылмыстық ахуал тұрақты. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында полицияның кешенді күштері жұмылдырылып, профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Аудан орталығына кезең-кезеңімен учаскелік полиция инспекторлары тартылып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Нұрлан Ибраев баяндама жасап, аудан тұрғындарының басым бөлігі егінмен және мал шаруашылығымен айналысатынын атап өтті. Сонымен қатар мал ұрлығының алдын алу бағытында қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

Өз кезегінде департамент бастығы Ішкі істер министрінің қылмысқа қарсы күрес бойынша берген тапсырмаларына ерекше назар аударып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

– Ішкі істер министрі өңірлік департаменттер алдында маңызды міндеттер қойды. Оның бірі – елімізде азаматтар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Бұл бағытта министрлік тарапынан барлық жағдай жасалуда. Профилактика – барлық қызмет салаларының ортақ міндеті. Сондай – ақ қоғаммен ашық байланыс орнатып, азаматтардың сеніміне ие болу және атқарылған жұмыстарды ашық көрсету – басты талап, – деді Серік Ергешов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру