Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ПД бастығы спартакиадаға қатысқан қызметкерлерді марапаттады

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы спартакидада жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтады.

1 маусым аймақтағы құқық қорғау органдары мен құқықтық қызмет көрсету саласының қызметкерлерінің қатысуымен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Құқықтану” кафедрасының негізін қалаушы, ф.ғ.к., профессор Мұстафа Матаев атындағы дәстүрлі III спартакиада өтті.

Суға жүзуден 1-орын алған оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция капитаны Ернар Садуақасов, әйелдер арасында суға жүзуден 3-орын алған полиция капитаны Лаура Төлекова, арқан тартыс ұлттық ойыннан 1-орын, шағын футболдан 2-орын алған полиция департаментінің командасы марапатталды.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов департаменттің намысын қорғап, қызметімен қатар спортқа да үлгеріп жүрген қызметкерлерді құттықтап, отбасыларына бақ-береке, жұмыстарына толағай табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру